Ойыныңды таста енді, Түр, - деді атам іргені. Сойдым, міне, жас төлді Дайындаймын сірнені.
Қойды өріске айдатып, Болғаннан соң мал жайлап. Түйе сүтін қайнатып, Алар әжем балқаймақ.
Бұжы жасау тәсілін, Тез үйреніп аласың. Шарбы майға қосып ұн Бүйенге оны саласың.
Ақын біткен жырлаған, Өтті наурыз жуырда-ақ. Мал сойғанбыз, жүр, балам, Қуырамын қуырдақ.
Құдаңа тарт мал басын, Жездеңе қой төсті арнап. Қарттарға бер жамбасын, Пісті, міне, бесбармақ.
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі